Жақсылық жаса ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Жақсылық жаса ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі, жыл бойы жүзеге асырылатын «Мектепке жол» жалпы республикалық «Жақсылықты жаса» ұранымен қайырымдылық акциясын жариялайды.

📌Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Бір атап айтарлығы, бұл акцияға жүрегінде мейірімі бар, қайырымды жандардың барлығы да қатыса алады. Жағдайы жоқ, көпбалалы отбасының баласына шын ниетіңізбен мектепке ұстайтын сөмке немесе дәптер-қалам әперсеңіз де үлкен қолдау. Сіздің жасаған жақсылығыңыз бала жүрегінде жатталып қалады. Кейін өскен соң, ол да сіз секілді өзгеге жақсылық жасайтын болады. Кейінгі ұрпаққа әрқашан да сөзімізбен емес, ісімізбен үлгі бола алсақ, ғажап емес пе? Иә, 30 қыркүйекке дейін осынау акцияға қолдау көрсетіп, жақсылық жасап жарысайық, ағайын.

🗓️Акция басталуы. 2023жылдың 1 тамызынан, аяқталуы-2023жылдың 30 қыркүйегіне дейін

Опубликовал(а)admin
Предыдущая запись
Қамқоршылық кеңес
Следующая запись
1-Қыркүйек Білім күні мерекесі болып өтті
Добавить комментарий
Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *