Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Қамқоршылық кеңесін құру туралы және оның құрамына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі)
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса)
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері;
Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Өтініштерді қабылдау уақыты: 09.08.2023ж дейін, сағат 09:00-12:00 уақыт аралығы
Байланыс телефоны: +7 707 390 80 96