Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білм бөліміне қарасты
«№28 Абылай хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-де 1-Қыркүйек Білім күні мерекесі болып өтті. Мерекеге арнайы зиялы қауымдар, зейнеткер ұстаздар,ата аналар қонақ болып келді.Қадірлі қонақтарымыз оқушыларымызға тәрбиелі де білімді ұрпақ болып қалыптасуға,келешекте биік шыңдарды бағындыруға тілектес екенін атап өтті. Салтанатты жиынды мектебіміздің директоры Еспенбетов Жақсылық Омарұлы құттықтау сөзімен бастады. Мерекеде бүлдіршіндер ән айтып, өлең жолдарын арнады. Алғашқы қоңырау соғылып оқушылардың жүздері бал бұл жайнады.
1-Қыркүйек Білім күні құтты болсын!

